Кабулда жол бойында қойылған мина жарылды

Ауғанстандық БАҚ Кабулда болған жарылыс туралы айтты. Жол бойына қойылған мина жарылғаны туралы хабарланды.

Жарысылс салдарынан бес адам зардап шекті. Барлығы жарақат алған.

Сейсенбі күні Кабулдағы Дар-ул-Аман даңғылында жарылыс болды. Бұл туралы Ariana News телеарнасы куәгерлерге сілтеме жасап хабарлады.

Журналистердің мәліметінше, зардап шеккендер қатарында Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» (ҚР-да тыйым салынған) қозғалысының мүшелері бар.

Соңғы үш айдың ішінде Ауғанстанның бірқатар провинцияларында, соның ішінде елордалық аймақта бірнеше жарылыс, қарулы шабуылдар мен атыс-шабыс орын алып, салдарынан тәліптер мен бейбіт тұрғындар құрбан болып жатыр. Кейбір жарылыстар үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» (РФ-да тыйым салынған) террористік ұйымының «Хорасандағы Ислам мемлекеті» тармағы өз мойнына алды.

Добавить комментарий