Топпен зорлау: күдікті ұсталды

Бұған дейін полицейлер 2014 жылдың наурыз айында Шымкент қаласы Игілік ауылында Мәскеу-412 автокөлігінің салонында 23 жастағы танысын зорлаған оның үш серіктесін ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартқан болатын.

Қылмыскерді іздеу жұмыстарына республиканың қалалары мен облыстары полиция департаменттерінің жеке құрамы бағдарланды. Күдіктінің тұрған жерін анықтау және ұстау үшін көршілері мен туыстары, жақын достары мен таныстарына сауалнама жүргізілген. Ол жасырынуы мүмін жерлер тексерілген. ТТергеу органдары қылмыскерге мемлекетаралық, кейін халықаралық іздеу жариялады. Оның баруы мүмкін елдерге: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының ІІМ-іне бағдар жолданды, — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Қылмыс жасалғанға дейін ер адамның Ресей аумағына бірнеше рет барғаны анықталған, осыған байланысты қазақстандық детективтер көрші елге де барған.

7 жыл іздеуден кейін полицейлер «қашқынның» орналасқан жерін анықтап, оны Шымкентте ұстады.

Ұсталған адамның айтуынша, ол «қашқын» болғандықтан туыстарымен және достарымен қарым-қатынасын үзген, әртүрлі қалаларда жалдамалы пәтерлерде тұрып, пәтер, үй жөндеу жұмыстарымен айналысқан.

Ешкім танып қоймас үшін ол үнемі бас киім мен қара көзілдірік киіп, мұрт пен сақал қойған, адам көп жиналатын жерлер мен қоғамдық орындарға баруды да доғарған

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Добавить комментарий