Өзбекстанда пластикалық ота жасатқаннан кейін белгілі спортшы, семсерлесуші Аида Хасанова қайтыс болды.
Өзбекстан семсерлесу федерациясының сайтындағы ресми хабарламада халықаралық дәрежедегі судьяның қайтыс болғанын растап, көңіл айтты. Прокуратура белгілі спортшының өлімін себебін анықтау үшін тергеу мен сот-медициналық сараптама тағайындады.
Ашық ақпарат көздерінде 39 жастағы Аида Хасанова Ташкенттегі жеке меншік клиникалардың бірінде косметикалық ота жасатқан. Оның жағдайы 23 мамырда күрт нашарлап, дәрігерлердің шешімімен басқа ауруханаға ауыстырылған. Алайда, сол күні кешкісін жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Өзбекстанның бірнеше дүркін чемпионы Аида Хасанова 1983 жылы Ташкентте дүниеге келген. 2001-2006 жылдар аралығында Орталық Азия чемпионы және 2005 жылы Англияда өткен халықаралық турнирдің алтын медаль жеңіп алған. 2014 жылы ол Өзбекстан тарихында үш қару түрінен семсерлесу бойынша алғашқы халықаралық судья болған. Сонымен қатар Аида Хасанова Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) судьясы болды.
Семсерлесуді дамытуға зор үлес қосты: ол 2015 жылы алғаш рет Өзбекстанның атынан төреші ретінде әлем және Азия чемпионаттарының финалдық кезеңіне қатысты, ал екі жылдан кейін Республика семсерлесу федерациясының бас судьясы атанды. 2019 жылы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында Өзбекстан мен Орталық Азия елдері арасында алғашқы төреші болу құрметіне ие болды.