Жапония СІМ басшысы Ёсимаса Хаяси баспасөз конференциясында Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі әлемдегі геосаяси шиеленіс жағдайында тығыз байланысты екенін мәлімдеді.
Ол әлемдегі қауіпсіздік жағдайы нашарлап бара жатқанын атап өтті. Жапония СІМ басшысы әлемнің кез келген бөлігінде статус-квоны өзгертуге біржақты талпыныстарға жол беруге болмайтынын айтып, алдағы демалыс күндері Стокгольмде өтетін ЕО мен Азия аймағы арасындағы қарым-қатынастарға арналған форумға қатысудың маңыздылығын атап өтті.
ЕО Кеңесіндегі Швеция төрағалығының өкілдері әлемдік сауданың 70%-дан астамы ЕО мен Үнді-Тынық мұхиты аймағына тиесілі екенін атап өтті. Форумда қауіпсіздік, сауда, цифрландыру, жасылға көшу және энергетикалық қауіпсіздікті қоса алғанда, бірқатар ортақ мәселелер талқыланады.