
Еріктілер қызметі туралы көптеген дақпырт әңгімелер мен стереотиптер бар. Кейбіреулер оны пайдасыз деп есептесе, басқалары қаржылық пайда әкелетін “нақты іспен айналысуға” кеңес береді. Ең кең тараған сұрақтар “Саған қажеті не??”, “Не мәні бар?”, “Саған ақы төленбейді ғой”, бірақ еріктілер оларға үйреніп қалған сияқты. Мұндай әңгімелерге тәжірибелі еріктілер аса мән бермейді. Андрей мен Марина Лутошкиндер солардың бірі.
Лутошкиндер отбасы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында тұрады. Бақытты әрі тату отбасы, үш керемет баланың ата-анасы, белсенді азаматтық ұстанымы бар. Барлық жобаларға бірге қатысады, әрқашан бір-бірін қолдайды және дамуларына ықпал етеді. Олар еріктілікке 2014 жылы келіп, “Целина” қоғамдық қорымен бірге жұмыс бастаған. Қоғамдық ұйымның негізін қалаушы Пелих Наталья Михайловнаның арқасында әлеуметтік бағытта белсенді дами бастады.
Біздің еріктілеріміздің қоржынында “Самұрық-Қазына” АҚ мен “Ұлттық еріктілер желісі” ЗТБ тарапынан жасалған “Жеңіс” сияқты жобасына, Жастар қызметкерлері ұлттық қоғамдастығының “Zhas Project” және “Jasa” жастар корпусын дамыту жобасы қатысқан. Аталған іс-шаралар аясында Андрей мен Марина оқып, сертификат алғаннан кейін Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Атбасар қалаларында, сондай-ақ Зеренді және Петровка ауылдарында жастарға арналған тренингтер өткізді. Барлығы 9 жастар тобына тәлімгер ретінде сөз сөйлеген.
“Жастар жылы аясында біз ментор-жаттықтырушылар ретінде дамыдық, ал 2020 жылы өз бастамашыл тобымызды құрғаннан кейін ерікті ретінде дами бастадық”, – деп атап өтті Марина.
Өткен жылдан бастап еріктілер отбасы Unicef-ке қосылды, оның құрамында “PlasticFree” волонтерлік бағдарламасына қатысты, оның мақсаты бір реттік пластикті қолдануды азайту мәдениетін тарату болып табылады. ТЖ кезіндегі карантинде медиа-еріктілер ретінде “COVID-19” жобасы аясында шынайы ақпарат таратуға көмектесіп, қазір “Инклюзивті қоғам” жаңа жобасында еріктілер қызметін жалғастыруда.
Бірақ еріктілер осымен тоқтап қалмай, өз жобаларын құрды.
“Өткен жылдың сәуір айында біз “Birgemiz: Sabaqtastyq” бағыты бойынша жалпыұлттық жобаларға тәлімгерлер ретінде “Birgemiz: Asyl Mura” бойынша – жоба волонтерлері ретінде қатысуға өтінім бердік”, – деді Лутошкиндер отбасы.
“Пайдалы және қызықты онлайн-оқытудан қуана-қуана өттік. Көптеген жаңа және өзекті мәселелерді үйрендік. Сондай-ақ, біздің бастамашыл топ мынадай бағыттар бойынша жалпыұлттық жобалар аясында шағын гранттар байқауына 6 түрлі өтінім берді: “Birgemiz: Sabaqtastyq”, “Birgemiz: Asyl Mura”, “Birgemiz: Taza Álem” және “Birgemiz: Qamqor”, – ментор-еріктілер едәуір жетістіктерге жетіп жатыр.
Гранттарды Лутошкиндер отбасы ұтып алып, “Тренинг+” және “Мастер-класс” жобаларын іске асыра бастады. Білім жобалары отбасыларға балаларды тәрбиелеуде көмек көрсетуге, олардың өмірлік маңызды дағдыларын қалыптастыруға және әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталған. Тұрмысы төмен жағдайдағы аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдер тұрмыстық техниканы жөндеу үшін әртүрлі құралдарды меңгеру бойынша базалық білім мен дағдыларды игеру және аспаздық өнерді үйрену арқылы позитивті дами бастайды.
“Бейресми білім берудегі халықаралық тәжірибе жастардың бастамашылығын, қоғамда әлеуметтенуді, сондай-ақ сыни ойлау мен шығармашылық көзқарасты дамытудағы оң серпінді көрсетеді”, – деп атап өтті Лутошкиндер.
Игерілген практикалық дағдылар мен білім балаларға күнделікті өмірде және одан әрі мамандық таңдауда көмектеседі.
“Қазіргі таңда біз жобаларымызды жүзеге асырумен белсенді айналысып келеміз. Балалардың бақытты жүздерін көру біз үшін бақыт. Біз шын мәнінде жалпыұлттық жобалардың іске асырылып жатқанын және осындай керемет нәтижелер беріп жатқанын көріп отырмыз!
Қазан айында отбасында “Samgay” жобасы бойынша оқу аяқталды, бұл “UpShift” бағдарламасы бойынша жастарға формалды емес білім беру туралы тренерлерге арналған жоба.
“Үш апта бұрын Андрей екеуміз республикалық “Ашық Жүрек” байқауында екі грант жеңіп алғанымызды білдік. “Память” және “Тепло” жобаларымыз да жеңіске жетті. Олардың барлығы “Birgemiz: Qamqor” бағытында”, – дейді Марина.
Лутошкиндер отбасы жыл сайын ауқымды және әлеуметтік маңызы бар жобалардың саны артып келе жатқанын, бастамашыл топтар мен еріктілерге деген көзқарастың өзгеруде деп атап өтті. Марина мен Андрей өз қызметтерінің арқасында ел ішінде саяхаттап, қызықты адамдармен танысады, үнемі дүниелер игеріп және алған білімдерін тәжірибеде қолданады. Олар өздерінің одан әрі дамуын өз қаласы мен елінің өміріндегі өзіндік рөлін нығайтудан, өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысудан және еріктілер мен тәлімгерлік брендтерін танымал ету деп ойлайды.
Лутошкиндер отбасы жобаларды жүзеге асыру кезінде проблемалармен бетпе-бет келетінін жасырмады. Алғашқы сабақтарда, мысалы, кейде балаларды бейімдеуде қиындықтар туындады, өйткені олар ешқашан тренингтерге бармаған – ұялады.
“Нәтижесінде бұл өтті, есепте, қаржыландыруда қиындықтар туындайды, бірақ барлығының шешімін табуға болады және сындарлы емес”, – деп атап өтті Марина.
“Еріктілер – бұл кез келген бей-жай қарамайтын адам. Ол сиқыршы немесе қаһарман емес. Ол тек басқаларға (адамдарға, жануарларға, табиғатқа, елге) қайтарымсыз көмек көрсету – өмірлік маңызы бар дүние екенін біледі! Еріктілік – бұл ең алдымен эмпатия, жанашырлық пен көңіл бөле алу, және көмек көрсете алатыныңды түсіну”, – деп жалғастырады еріктілер.
“Бізде көбінесе еріктілер – істейтін жұмысы жоқ және тегін істейтін істейтін адамдар деген пікір бар. Көптеген адамдардың, әсіресе шағын елді мекендерде еріктілік туралы еш түсінігі жоқ. Дегенмен, көзқарасты өзгерту керек деп ойлаймыз. Жұмысын жасап, төлем алмайды емес алады, бірақ басқаша. Салық шегерімдер, тегін медициналық көмек, тәжірибе алмасу үшін шетелге сапарлар және т.б. алады. Міндетті түрде – еңбек өтілі! Өйткені бұл нағыз жұмыс!”, – деп түйндеді кейіпкерлер.