Токиодағы Олимпиада ойындары көрермендердің қатысуынсыз өтеді.
Халықаралық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтетінін хабарлады.
Бул туралы алдағы жарыстарды өткізуге жауапты жапондық министр Тамае Марукава мәлім етті.
Әуел баста пандемия салдарынан Ойындарға шетелдік жанкүйерлерді жібермеуге шешім қабылданған. 8 шілдеде ХОК, Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті және Жапония үкіметі өкілдерінің кездесуі барысында Токиодағы барлық жарыстар, сондай-ақ салтанатты іс-шаралар, соның ішінде ОИ-2020 ашылуы мен жабылуы көрермендердің қатысуынсыз өткізіледі деп шешті.
Елдің кейбір өңірлерінде жергілікті жанкүйерлер жарысты тамашалай алатыны аталып өтті.
«Токио, Канагава, Сайтам және Тибада жарысқа көрермендерді жібермеу туралы шешім қабылданды. Өз кезегінде, Мияга, Фукусима және Сидзуока префектураларында 10 мың адамға дейін рұқсат етілген және адамдар саны нысандар толымдылығының 50 пайызынан аспауы тиіс», — деп хабарлады Тамае Марукава.
Токиода өтетін Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.
Бұдан бұрын Токиодағы Олимпиада кезінде 20 тамызға дейін жалғасатын ТЖ режимі қолданыста болатынын хабарланған болатын.