Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне шектеу қоюды тапсырды.
«Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі менің бастамамды іс жүзінде іске асыру басталды. Енді жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрмек пен бағалардың өсуіне жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл туралы қазір барлық жерде жылжымайтын мүлік бағасы қымбаттайды деп жазылып жатыр. Тұрғындар мен құрылысшылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу маңызды. Нарықтағы алып-сатарлық операцияларға шектеу қоюы керек», — деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелері күшіне енді. Сарапшылар елдегі жылжымайтын мүлік бағасының өсуін болжап отыр.