Химикаттар арқылы қазақстандықтардың санасын өзгертуде: әлеуметтік желіде жалған хабарлама тарап жатыр

Әлеуметтік желіде Қазақстанда ұшақтар аспаннан адамдардың санасына теріс әсер ететін химиялық заттар шашып жатқаны туралы хабарлама тарап жатыр. Бірқатар БАҚ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар ұшақтар аспанда шашатын «химикаттардан қалатын іздер», химтрейлдер теориясын тағы да талқылауда, бұл заттар адамдардың көңіл-күйі мен санасын өзгерте алады.

Пост авторы өзін осы технологияны жасаушы деп таныстырды, алайда ол өз мәлімдемесіне ешқандай дәлел келтірген жоқ. Аспаннан қала тұрғындарының санасы мен көңіл-күйіне әсер ететін химиялық заттар шашты деген теория мүлдем негізсіз, деп жазады Stopfake.

Ұшақтардан белгілі бір заттарды шашу туралы теория 1997 жылы шықты. Оған сәйкес, ұшақтардың конденсациялық іздері, шын мәнінде улы химикаттар мен белгісіз заттардан қалыптасқан бұлттар. Бастапқыда теорияны жақтаушылар бұл заттар күнді жауып, жерді жаһандық жылынудан қорғау үшін қажет деп санаған. Кейіннен теория өзгеріске ұшырап, оған сенетіндер планета халқының басым бөлігін жою үшін қажетті у шашады деп айта бастады.

Теория қалыптасқалы 24 жылда ешқандай растауы табылмады. Бірақ химтрейлдердің барын жоққа шығаратын рецензияланған ғылыми зерттеулер бар.

Добавить комментарий