Тоқаев тауар импорты елге кері әсер етіп жатқанын атап өтті

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев импорттың жоғары деңгейі ел экономикасына кері әсер етіп жатқанын мәлімдеді.

«Сонымен қатар бізді шетелдік азық-түлік импортының жоғары деңгейі алаңдатады. Бұл инфляцияның өсуіне алып келеді. Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердің елшілік өкілдерімен өткен кездесуде.

Президент көлік-логистика саласының Қазақстан экономикасындағы ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, бұл сала өңірлердің өзара іс-әрекетін жандандыруда маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстан мен Орталық Азия аймағы барлық мүдделі мемлекеттермен және ұйымдармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға ашық әрі дайын екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Президент БҰҰ, АӨСШК, ТМД, ШЫҰ, ТМҰ және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтастыққа мүдделі екенін растады, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Сөз соңында президент дипломатия халықаралық қатынастарды басқарудың, қауіп-қатерлерді азайтудың және қауіпсіздік пен әл-ауқатты нығайтудың бірден-бір құралы болып қала беретінін айтты.

Добавить комментарий