АҚШ Жапонияны ядролық қаруды қолдану арқылы қорғамақ

АҚШ билігі Жапонияны ядролық қаруды қолдану арқылы қорғайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы сәрсенбі күні Вашингтонда екі елдің сыртқы саяси және әскери ведомстволары басшыларының келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданған америкалық және жапондық үкіметтердің бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

«Америка Құрама Штаттары барлық [әскери] мүмкіндіктерді, соның ішінде ядролық қаруды пайдалана отырып, Өзара ынтымақтастық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы шарттың 5-бабына сәйкес Жапонияны қорғауға өзінің мызғымас бейілділігін атап өтті», — делінген құжатта.

Тараптар америкалық ядролық қолшатыр арқылы елді қорғауға байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.

Мәлімдемеде Вашингтондағы кездесулерге қатысушылар Жапонияны американдық ядролық қолшатырмен қорғауға байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылағаны нақтыланған. «Олар [әлеуетті қарсыласты] тежеу және жоғары деңгейдегі түрлі кездесулер туралы диалог аясында екі елдің мазмұнды талқылауын тереңдету ниетін растады», — делінген хабарламада.

 

Добавить комментарий