Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ыстанбулға келді, ол Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына келді.
Мемлекет басшысы сапар барысында бірқатар елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған», — деп жазды Уәли.
Бұған дейін хабарланғандай, саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ.