Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Нормативтік актінің әрекеті жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілікті белгілеу туралы мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруға бағытталған.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!! Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салу белгіленген.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша түйінді шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды.

Сондай-ақ, Заңда бір ұйымдағы туыстарының бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпараттандыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтер құруға бағытталған нормалар көзделген.

Добавить комментарий