Тоқаев билеуші партияның төрағасы болып сайланды

«Нұр Отан» партиясының бүгінгі съезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партияның төрағасы болып сайланды.

Бұл туралы жұма күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды», — делінген баспасөз қызметтің Twitter-дегі хабарламасында.

Тоқаевтың кандидатурасын билеуші партияның төрағасы қызметін атқарған Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды.

«Нұр Отан» билеуші партиясының кезектен тыс съезі ел басшылығының онлайн-форматта қатысуымен өз жұмысын бастады.

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXI съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысты», — делінген баспасөз қызметтің Twitter-дегі хабарламасында.

Съезге бейнебайланыс режимінде ел басшылығы, саяси кеңес мүшелері, өңірлік филиалдардың өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысты.

Добавить комментарий