Қазақстан Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың Өзбекстанға сапары басталды. Мемлекет басшысының ұшағы Самарқан әуежайына қонды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысын Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды.
Бейсенбі күні Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшыларының саммиті басталды, оған ұйымға мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің көшбасшылары мен шақыртылған президенттер қатысуда.