Тоқаев пен Путин ТМД елдері басшыларының бейресми саммитінде кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Санкт-Петербургте ТМД-ның бейресми саммиті кезінде кездесті.

Мемлекет басшылары білім беру, энергетика және цифрландыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин ТМД-ның бейресми саммиті аясында кездесті, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынасты, оның ішінде білім беру, энергетика және цифрландыру салаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылдың басында Ресейге сапармен келуге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте жүр. Олар ТМД елдері көшбасшыларының бейресми кездесуіне келді.

Добавить комментарий