Блинкен Вашингтон Тоқаевтың реформаларын қолдайтынын мәлімдеді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/03/speech-49269-1677652128-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ Қазақстан президенті Қ. К. Тоқаев жүргізіп жатқан реформаларды қолдайтынын мәлімдеді.

«Америкалық тарап Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл реформаларын қолдайды. Бұл ретте біз Қазақстан қабылдаған шаралар мен атқарған жұмыстарды бақылап отырмыз. Әсіресе, адам құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлықты жою және президенттік мерзім бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды атап өткім келеді. Бұл бағыттағы өзгерістер Қазақстанға инвестиция салу үшін қолайлы ел болып табылатынын көрсетеді», — деді Энтони Блинкен СІМ-дегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, АҚШ еліміздің экономикасына инвестиция салуды жалғастырып келеді.

«1991 жылдан бастап біз Қазақстан экономикасына 50 млрд доллардан астам инвестиция салдық. Жақын арада біз Қазақстанға тікелей инвестициялауды жалғастыруға ниеттіміз. Айта кету керек, Қазақстан әлемдік проблемаларды шешуде ерекше орны бар серіктес ел. Мәселен, ядролық қарудың таралуын тоқтату, бітімгерлік операцияларға қатысуға, сондай-ақ ғарыш кеңістігін зерттеуге қосқан айрықша үлесін атап өту қажет», — деп қосты АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Блинкеннің хабарлауынша, министрлердің «С5+1» форматындағы кездесуінде экономика, энергетика, экология және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Еске сала кетейік, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Премьер-Министрдің орынбасары — ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізді.

Добавить комментарий