Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханмен кездесу барысында қос ел арасындағы қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы қарым-қатынастың сенім мен сыйластыққа негізделгенін атап өтті.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, президент ортақ мүддені көздейтін салалардағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастықты арттыру мәселесіне арнайы тоқталып, Имран Ханды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Пәкістан Премьер-Министрі өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты нығайтуға септігін тигізетін логистикалық мүмкіндіктерді дамыту маңызды екенін айтты, сондай-ақ, Қазақстан Президентін Пәкістанға сапармен келуге шақырды.
Кездесуде олар Ауғанстандағы ахуал мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ойларымен бөлісті.