Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Президент Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айының басталуымен құттықтады

2 апреля 10:25 / Опубликовано в Маңызды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша мұсылман қауымын Рамазан айымен құттықтады.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы күндерде азаматтарымыз рухани тазарып, жан дүниесін жаңғыртады, жақсылық жасайды.

Рамазан айында имандылық, жанашырлық және мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтардың қадірі арта түседі.

Исламның гуманистік идеалдары еліміздегі береке мен бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін маңызды рөл атқарады.

Біз халқымыздың ырыс-ынтымағының арқасында кез-келген қиындықты еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басамыз.

Қасиетті ораза айында бүкіл мұсылманның жүрегін қуаныш кернеп, жұртымыз татулық пен тыныштыққа бөлене берсін!

Барша азаматтарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», — деді Президент.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: ораза, Рамазан, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, құттықтады

Читать ещё

Әлеуметтанушылар ресейліктердің Украинада орын алып жатқан оқиғаларға қатысты ойын
ҚР-да ЕАЭО елдерімен ақпарат жүйелерінің өзара іс-қимылында ақау тіркелді
2021 жылы Қазақстанда еңбекші көшіп келушілер азаяды

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Ресей мен НАТО-ның текетіресі: саясаттанушылардың пікірі

    Ресей президенті Владимир Путин мен басқа да ре...
  • Синоптиктер 2022 жылғы 5 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады

    Қазақстандық синоптиктер 2022 жылғы 5 маусымда ...
  • Финляндия мен РФ шекарасында НАТО базасын құру ұсынылды

    Ресеймен шекарада орналасқан Финляндияның Лаппе...
  • Австрия Украинаның интернет-инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмектеседі

    Австрия билігі Украинаның интернет-инфрақұрылым...
  • Қандастар ең көп қоныстанған өңірлер

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: