Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев елімізде күшейіп келе жатқан инфляция рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты
2015 жылдан бері алғаш рет инфляция рекордтық 14,5%-ға жетті.
«Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Президент инфляцияның бір орында тұрмағанын айтты.
«Қазір бұл көрсеткіш рекордтық 14,5%-ға жетті, 2015 жылғы деңгейден асып түсті», — деп түйіндеді Мемлекет басшысы.