Қазақстан Президенті Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясында сөйлеген сөзінде азық-түлік пен тыңайтқыштарды санкциялардан босату қажеттігін мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясының жалпы дебатында азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы жаһандық дағдарыс мәселесін қозғады.
Мемлекет басшысы Қазақстан алдағы уақытта да астық пен басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің сенімді жеткізушісі болып қала беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ еліміз Қазақстанда орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен, сондай-ақ БҰҰ агенттіктерімен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін айтты.
Тоқаев атап өткендей, «бұл тұрғыда азық-түлік пен тыңайтқыштарды барлық санкциялар мен шектеулерден босату аса маңызды».
«Астық өндіруден әлемде жетінші орында тұрған менің елім – Орталық Азиядағы астық қоры ең мол мемлекет. Біз жаһандық азық-түлік тапшылығымен күресу үшін осы ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалануға дайынбыз», — деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, ол қазіргі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтар ұжымдық күш-жігердің жұмылуын қажет ететініне назар аударды.
Еске салайық, Қазақстан Президентінің Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясының жалпы дебатында 20 қыркүйекте сөз сөйледі.