ЕО РФ мен Калининград арасындағы құрлық қатынасына шектеу қоюға ниетті емес екенін мәлімдеді

Еуропалық одақтың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жозеп Боррель ЕО-ның Литва арқылы өтетін Ресей Федерациясының негізгі көлік бағымы мен Калининградтың құрлықтағы қатынасына шектеу қоюға ниетті емес екенін мәлімдеді.

Оның сөзін Il fatto quitidiano басылымы келтіреді.

«Калининградтың жағдайы — блокада емес», — деді дипломат.

Оның айтуынша, ЕО-ның Санкциялар жөніндегі комиссиясының басшылығы Литва арқылы транзитті тоқтатқан.

«Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі Калининград пен Ресей арасындағы қозғалысты тоқтатқымыз келмейтінін, тек санкцияларды айналып өтудің алдын алғымыз келетінін нақтылау үшін директиваны қайта қарайды», — деп атап өтті Боррель.

Сонымен қатар, РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Калининградтың көлік блокадасына қатысты жағдайдың шешілуіне баса назар аударып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды RT.

«Біз бұл жағдайды мұқият талдап жатырмыз. Біз өз ұстанымымызды СІМ арқылы қарсыластарымызға жеткізіп жатырмыз. Өкінішке орай, әріптестер емес, қарсыластар деп отырмын», — деп атап өтті Песков.

Литва тарапынан шектеулерді еңсеру үшін не жасау жоспарланып отыр деген сұраққа ол шешім қабылдау үшін уақыт қажет деп жауап берді.

Осы аптада Литва теміржолшылары Калининград теміржолына 18 маусымнан бастап Еуроодақтың санкциясына ұшыраған тауарлар транзитін тоқтату туралы хабардар етті. Аймақ губернаторы Антон Әлиханов Калининград облысының паром кешені жаңа жүктерді тасымалдай алатынын атап өтті. Мұнай өнімдерінің транзиті жалғасуда, ол 10 тамызға дейін шектелмеген.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Литва билігінің шешімін заңсыз және негізсіз деп атап, қарымата жауап беретінін ескертті.

Добавить комментарий