8 сәуірдегі мәлімет бойынша, КВИ-дан 29 655 адам (28 794 КВИ+ және 861 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 828 пациент стационарда, 18 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 522 адамның жағдайы ауыр;
• 151 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 87 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Соңғы бір тәулік ішінде коронавирустан 15 қазақстандық қайтыс болды. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы 3171 өлім жағдайы тіркелді.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 6 сәуірлегі жағдай бойынша 100 жаңа жағдай тіркеліп, 5 жағдай өліммен аяқталды. 186 адам жазылып шыққан..
2021 жылғы 8 сәуірдегі мәлімет бойынша, өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 2586 жаңа жағдайы тіркелген.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны — 51 055, өлім жағдайлары — 718, барлығы 49 476 адам сауығып шықты.