Алматы коронавирустың екінші толқыны үшін қалай дайындалып жатыр

Алматы коронавирустық инфекцияның екінші толқыны үшін дайындалуда. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар туралы айтты.

Қала әкімі қаладағы зертханалардың қаншалықты жақсы дайындалғаны және барлық қажеттіліктермен жабдықталғаны деген сұрақтарға, және жазда биологиялық сынамаларды зерттеуде неге проблемалар туындағанын түсіндіріп, егжей-тегжейлі жауап берді.

«Жазда бізде не болды? Бірнеше факторлар қабаттасты. Біздің зертханаларда жұмыс істейтін мамандардың өздері ауырып қалды. Яғни, басқаларын дайындау керек. Зертханалардың саны шектеулi болды, дегенмен елiмiз бойынша біздің қаламызда көп болды. Тестілерді жеткізу бойынша ақаулар орын алды. Сонда біз бір аптаға тоқтап қалдық. Қазір біз дайынбыз. Дәл қазір топ-тобымен өтініштер келіп түссе, біз бір күнде 10 500 тест жасай аламыз. Болашақта бұл санды 21 000 дейін көтере аламыз. Бүгінгі таңда зертханалармен проблемамыз жоқ. 17 жеке және мемлекеттік зертханалар жұмылдырылды. Тестілерге қатысты да жеткілікті мөлшерде қорымыз бар», — деп нақтылады әкім.

Добавить комментарий