Пандемия басталғалы бері елімізде КВИ жұқтырудың барлығы 1 305 599 жағдайы тіркелді.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жеті жағдайы тіркелді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Індетті жұқтырудың жеті жағдайы Нұр-Сұлтан (2), Алматы (3), ШҚО (1) және СҚО-да (1) тіркелді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәулік ішінде 79 адам жазылып шықты.
Пандемия басталғалы бері елімізде Covid-19 жұқтырудың барлығы 1 305 599 жағдайы тіркелді. КВИ-ден жазылып шыққан қазақстандықтардың жалпы саны — 1 291 445. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық пневмониямен ауырғандарды 1 тамыздан бастап есепке алады, бірақ Covid-19 статистикасына енбейді.