Өткен тәулікте 179 адамнан COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда коронавирустық инфекциядан ем алып жатқан 8 274 науқас бар. Жалпы санынан — 437-і бала.

Стационарларда — 2 924 науқас, амбулаториялық жағдайда емделуде — 5 323 адам бар. 192 адам — ауыр жағдайда, 20 аса ауыр дәрежеде, 27 адам — ӨЖЖ аппараттарына қосылған.

2020 жылғы 13 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылық бойынша деректер

Өткен тәулікте 179 ауру жағдайы, 3 өлім-жітім оқиғасы тіркелді. Бір тәулікте 65 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері тіркелгендер:

Ауырғандар — 39 724, өлім жағдайлары — 415, барлығы 29 416 адам емделіп шықты.

Добавить комментарий