Білім беру мекемелерінде 16 бала коронавирус жұқтырды

Балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары коронавирустық инфекцияға шалдыққан, алдын ала болжам бойынша, білім беру мекемелеріне бару кезінде жұқтырған.

Балалардың коронавирусты жұқтыруы Қазақстанның екі өңірінде орын алды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Қожахметовтың айтуынша, Қазақстанның екі өңірінде — Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында мектептердің кезекші сыныптары мен балабақшалардың кезекші топтарында коронавирустық инфекция анықталған.

«Барлығы 16 бала жұқтырды. Барлық оқу орындары жабылып, карантин енгізілді. Отбасының барлық мүшелері, барлық байланыста болған адамдар — мұғалімдер, басқа топтар мен сыныптардың балалары үй карантиніне жіберілді. Әрбір жағдайдың анықталған алғашқы күнінен бастап 14 күн өткен соң барлық білім беру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, коронавирустық инфекцияны қайта жұқтыруы тексерілетін болады», — деді Қожахметов.

 

Добавить комментарий