Тікелей эфир кезінде плакат ұстап шыққан журналист ұсталды

Ресейдің құқық қорғау органдарының қызметкерлері журналист Марина Овсянникованы ұстады. Журналист тікелей эфир кезінде студияға плакат ұстап атып шығып, соғысқа қарсы наразылығын білдірген.

Осы оқиғадан кейін Бірінші арнаның бұрынғы қызметкері Овсянникова асығыс түрде шетелге шықты.

Қазір оның ұсталғаны не ұсталмағаны туралы мәлімет аз. Полиция қызметкерлері оны Подмосковьеден тапқаны ғана хабарланды.

Желіде жарияланған суреттерде Овсянникованы ұстауға ІІМ-нің екі қызметкері мен шағын автобус келгені көрінеді.

Оны қандай құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстағаны белгісіз. Дегенмен әлеуметтік желі пайдаланушылары әртүрлі болжам жасап отыр. Оның бірінші арнадағы «әрекетінен» басқа таяуда Кремль маңындағы жағалаудағы пикет өткізгені үшін де айыпталуы мүмкін. Журналис билікті айыптап, плакат ұстап шыққан.

Бұған дейін Овсянникованың Еуропада бірнеше ай жұмыс істегеннен кейін Ресейге оралғаны белгілі болды. Ол балалары мен күйеуі үшін соттасуды, сосын оларды Еуропаға алып кетуді жоспарлаған. Егер оған айып тағылса, онда сотты да кейінге қалдыруға тура келеді.

Добавить комментарий