Кабулда Ресей елшілігінің көлігі жарылды

Ресей дипломатиялық миссия көлігі Кабулда қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарылып, қызметкерлер жеңіл контузия алды. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінде мәлімдеді.

«1 желтоқсанда Кабулдағы Ресей елшілігі кешенінің маңындағы жолда жүріп бара жатқанда Ресей дипломатиялық миссия көлігі қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарылды», — делінген хабарламада.

Автокөліктің ішінде болған шетелдік мекеме қызметкерлері жеңіл контузия алды.

Алдын ала бағалау бойынша, шабуыл нысаны дипломатиялық машинаның алдында жүріп бара жатқан Ауған ұлттық қауіпсіздік күштерінің пикабы болған.

«Алайда терактінің ресейлік азаматтарға қарсы бағытталуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды», — деп толықтырды дипломаттар.

Ресей СІМ Ауғанстаннан оқиғаны мұқият тексеруді және ресейлік шет елдердегі мекемелер қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті.

Добавить комментарий