Оралда кәмелетке толмаған баланы азғындыққа итермеледі деп күдіктенген ер адам тергеушінің шотына 50 мың теңге көлемінде пара аударған.
Хабарланғандай, ер адам тергеушінің телефон нөмірі тергеушн біліп, оның шотына ақша аударған, алайда әйел бұл туралы дереу қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.
Орал қалалық сотында 52 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарылды. Іс материалдарынан белгілі болғандай, орта мектепте электрик болып жұмыс істейтін ер адамға қатысты кәмелетке толмаған баланы азғындау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.
Айыпталушы өзі ісіне жауап беретін тергеушінің телефон нөмірін біліп алған. Ол тергеу нәтижесіне жәрдемдесу үшін банктегі шотына телефон нөмірі арқылы ақша аударуға ұйғарған. Тергеушінің хабарынсыз ер адам шотынаа 50 мың теңге аударған. Алайда әйел пара алудан бас тартып, өзінің күзет бөліміне жүгінді, — делінген іс материалдарында.
Ер адам кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді.
Сот үкімімен ол заң қызметкеріне пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Оған 562 мың теңге айыппұл салынып және ол оны бір ай ішінде төлеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енгенжоқ, шағымдануға болады, — делінген құжатта.
Кәмелетке толмаған балаларды азғындау фактісі бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс сотқа жіберілгенін хабарлады. Қазір күдікті қамауда отыр.