Тепловоз машинисі 300 литр дизель отынын ұрлады

Тепловоз машинисі пайда көру мақсатында 300 литр дизель отынын құйып, ұрлап кеткен.

Тергеу барысында Бескөл және Достық станциялары арасындағы аралықта күдікті азамат жұқа тазалау сүзгісі арқылы 300 литр дизель отынын құйып, ұрлағаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы, 2-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Алакөл аудандық соты құқықбұзушыға бір жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Добавить комментарий