ТҚКС-дағы өрт: Бір әйел қаза тапты

Ақтауда автокөлікке техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шығып, бір әйел қаза тапты
Ақтауда автокөлікке техникалық қызмет көрсету станциясында шыққан өрт салдарынан бір әйел қаза тапты.

«Өрт сөндірушілер он жеті газ баллонның жарылуына жол бермеді. 2023 жылғы 12 қаңтарда Маңғыстау облысының ТЖД 101 пультіне сағат 18.20-да Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету станциялардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллон жарылды. Өртті сөндіру барысында өз өмірін қауіпке тігіп, өрт сөндірушілер 17 газ баллонын шығарып үлгерді. Оқиға барысында техникалық қызмет көрсету станциясының бір қызметкері (әйел) қайтыс болды, күйік алған тағы үш ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды», — деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт сағат 18.48-де жойылды. Қызыл жалын ауданы 50 шаршы метрді шарпыды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге 25 өрт сөндіруші-құтқарушы, 6 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де қызмет көрсетті.

 

Добавить комментарий