Нұр-Сұлтан тұрғыны Сергей Хван Telegram-арнасында қазақ тілін шетел тілі ретінде үйренетіндер үшін арнайы чат-бот әзірледі.
Ер адам мемлекеттік тілді бірнеше есе тез меңгеруге мүмкіндік беретін бірегей әдістеме бойынша оқытады. Оқу бағасы қолайлы, бір сағатқа 300 теңге. Бүгінгі таңда бұл қазақ тілі бойынша ең арзан курстар. Алайда, қызықты дерек бар, Сергей қазақ тілін былтыр ғана үйрене бастаған, ал сабақ беруді жарты жыл бұрын бастады, бірақ бұл оған 250-ден астам оқушыны оқытуға кедергі келтірмеді. Алты ай ішінде онлайн-мектепке Қазақстанның 22 қаласынан, сондай-ақ Украина, Индонезия, АҚШ және Испаниядан оқушылар қатысады.
- Сергей сіздің қазақ тілін қалай тез үйренгеніңізді айтып берсеңіз? — Менің қазақ тілінен ұстазым- Владислав Тен. Қазақ тілін түсіну үшін маған 50 сағат оқу жеткілікті болды. Ол оқытудың жеңілдетілген әдістемесімен оқытады, ал мен оны одан да жеңілдеттім.
— Мемлекеттік тілді оқыту идеясы қалай пайда болды?
- Карантин енгізілгенге дейін менің Нұр-Сұлтандағы пәтерлерді тәуліктік жалға беретін ірі агенттігім болды. Қала жабылғаннан кейін мен шығынға баттым. Сондықтан көрші балаларға қазақ тілін үйрете бастадым, екі аптадан кейін керемет нәтижелерді байқадым. Сондықтан мен қазақ тілін оқытатын онлайн-мектеп ашуды ұйғардым, ағылшын тіліне қарағанда қазақ тілін оқытатын орталықтар өте аз, бәсекелестік жоқ, ал мен оқыту әдістемесін өте жақсы білемін. Бірақ, жалпы айтатын болсақ, мен өз біліміммен бөлісуді әрқашан жақсы көретін едім, бұрын жаратылыстану пәнінен сабақ бердім, су асты қайықтарын өз қолыммен жасауды үйретіп, құмырсқалардың қалай жұмыс істейтінін айтатынмын. Мен әлдеқашан білім беру орталығын ашқым келген, бірақ шешім қабылдай алмай жүрдім. Болашақта басқа тілдерді де оқытқым келеді, өйткені барлық тілдерде оқыту әдістемесі бірдей.
— Сергей айтып берсеңіз, қазақ тілінде сөйлемейтін адам оны қалай басқаларға үйрете алады?
- Егер аштықты мысалға алсақ, ашаршылық туралы кім жақсы айтып бере алады, тек аш болған адам ғана. Қазақ тілі туған тілім емес, бірақ тіл білмейтіндердің қандай қиындықтармен бетпе-бет келетінін түсінемін, сондықтан маған түсіндіріп, қазақ тілін үйрету оңай. Мен орыс тіліне бейімделгендерге қазақ тілін үйретемін.
— Арнайы білімі бар адамдар ғана сабақ бере алады деп есептеледі, сіз қалай істейсіз?
- Менен педагогикалық білімің бар ма деп жиі сұрайды. Жоқ, менде ол жоқ, бірақ мен балаларды оқытамын. Бірақ мектепте мұғалімдердің педагогикалық білімі бар, бірақ неге екені белгісіз көптеген оқушылар қазақ тілін білмейді. Маған бес жыл оқыған, бірақ кейбір қарапайым сөздерді түсінбейтін балалар келеді. Сондықтан мен оқыту әдістемесін білу маңызды екеніне сенімдімін.
— Оқушыларыңыздың нәтижелері қалай?
- Мен күн сайын 250 адамды оқытамын. Сабақтар Telegram арнасында онлайн-форматта өтеді. Жақында ғана мен чат-бот жасадым, оның көмегімен оқушылар қазақ тілін үйрене алады. Мамыр айынан бастап сабақ бере бастадым. Қазір менің командамда сегіз мұғалім сабақ береді, мен оларға өз әдістемемді түсіндірдім, олар ол бойынша жұмыс істейді. Менің балаларым тез оқиды, 40 минуттан кейін олар сөйлеммен сөйлей бастайды. 90 сабақта балалардың грамматикасы жақсарады. Егер бірінші сабақта менің оқушыларым «мен бару» десе, 30 сабақта олар «мен барганынды билемин» дейді. Ал сіз орыс балаларына «барганынды» сөзінің қалай аударылатынын түсіндіріп көріңіз, бұл өте қиын.
— Сергей оңайлатылған оқыту әдістемесінің құпиясын аша аласыз ба?
- Әдістеменің ешқандай сыры жоқ. Алдымен 3 шақтағы бір етістікті үйрену керек. Сондай-ақ, үш шақ, сегіз есім және баяндаудың, жоққа шығарудың үш нұсқасын білу керек, сонда бір етістіктің 72 нұсқасы шығады. Қазақ тілінде 20-дан астам уақытша құрылымды 3-ке көбейтіп, 8-ге көбейтеміз, ал бұл бір етістіктің 480 нұсқасы. Одан әрі сингармонизмнің ережелерін түсініп, басқа етістіктерді ауыстыру қалады.
— Сабақтың оқу ақысы қалай шығады? Неге арзан?
- Біз білімнің әр балаға қолжетімді болуы үшін ең төменгі оқу ақысын қойдық. Иә, сағатына 300 теңге арзан, бірақ егер бір мезгілде 5-7 адамды оқытатын болсақ, онда қалыпты сома шығады. 1 адамға 1500 немесе 5 адамға 300 үйретудің қандай айырмашылығы бар, сағатына бірдей сома шығады.