Украина ЕО роумингы аймағына қосылды

Украина Еуроодақтың еркін роуминг аймағына қосылып, оның бір бөлігі болады.

Бұл туралы Урсула Фон дер Ляйен Еуропарламентке жыл сайынғы «Одақтың жағдайы туралы» Жолдауында айтты.

«Біз Украинаны еуропалық еркін роуминг аймағына енгіземіз. Осының бәріне сүйене отырып, комиссия бірыңғай нарыққа кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Украинамен жұмыс істейтін болады», — деді Урсула Фон дер Ляйен.

Бұл ретте ол бірыңғай нарықты «тарихтағы ең ірі жетістіктің бірі» деп атады.

«Енді мұны украиндық достарымыз үшін де табысты ететін уақыт келді», — деді ЕК басшысы.

 

 

Добавить комментарий