Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирусқа қарсы тегін вакциналар санын ұлғайту мәселесін қарастыруда.
ДДҰ-ның тиісті ұсынысы бар, бұл бағытта жұмыс жүргізілуде, деді «СК-Фармация» басшысы.
Денсаулық сақтау министрлігі қанша қазақстандықтың COVID-19-ға қарсы екпе алғысы келетінін әлі білмейді. Бірақ ведомство тегін вакциналар санын 3,6 млн-ға дейін арттыру мәселесін қарастыруда. Бұл туралы баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты.
Баспасөз конференциясында «СК-Фармация» ЖШС басшысы Ерхат Ысқалиевтен: бірыңғай дистрибьютор адамдар арасында вакцинаны өз еркімен салдыруға дайындығы туралы сауалнама жүргізді ме? деген сауал қойылды
«Біз жұмыс тобын құрдық, ондағы мақсаттың бірі — бұл вакцинаға деген сұраныстың қаншалықты екенін білу? Болжам бойынша, ол — 2,4 миллион доза. ДДҰ-ның тиісті ұсынысы бар. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Барлығы бюджетке байланысты», — деп жауап берді ол.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлыбек Асылбеков бұл мәселе әлі де пысықталып жатқанын, ДДҰ ұсыныстарына байланысты вакцина мөлшерін көбейту үшін қосымша қаражат іздестіріліп жатқанын атап өтті.
«Үнемі талдау жүргізіледі, алдымен біз 2 млн доза деген болатынбыз. Біз қазір бұл мәселені қосымша пысықтап жатырмыз. Қазірдің өзінде халықтың 15%-ға жуығы тегін вакцинациямен қамтамасыз ету — бұл шамамен 3,6 млн доза», — деп толықтырды ол.