Тарихи қадам: Джо Байден алғашқы мемлекеттік сапармен Вьетнамға барды

Америка Құрама Штаттарының Президенті Джо Байден G20 саммитінен кейін мемлекеттік сапармен алғаш рет Вьетнамға келді. Сапар аясында екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты нығайту және жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

Талқыланатын басты мәселелердің бірі жартылай өткізгіштерді өндіру және сирек кездесетін металдарды жеткізу бойынша ынтымақтастық болып табылады. Бұл мәселелер әлемдік көшбасшылардың алдында тұрған геосаяси және экономикалық сын-қатерлер тұрғысынан өзекті болып отыр.

Джо Байде Вьетнамға аймақтағы Құрама Штаттар мен Қытай арасындағы ықпал ету бойынша текетірес аясында сапарпен келгенін атап өткен жөн. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірі Вьетнам көптеген әлемдік державалардың назарында.

Кейбір америкалық БАҚ-тар Вьетнам Ресейден жасырын түрде қару сатып алғысы келетінін хабарлады. Джо Байденнің сапары қадыптасқан геосаяси жағдайда АҚШ пен Вьетнам серіктестігін кеңейтіп, нығайтады деп күтілуде.

Добавить комментарий