Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Ақмола облысының құрылыс бөлімінің басшысы тұтқындалды

28 мая 02:53 / Опубликовано в Арнайы жобалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының құрылыс бөлімінің бастығы тұтқындалды. Ол бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

Прокуратура әуел баста Қосшы қаласының құрылыс бөлімінің басшысына қатысты іс қозғалғанын хабарлаған, бірақ Қосшы әкімдігінің баспасөз қызметі әңгіме Қосшы қаласы емес, Целиноград ауданының бөлімі туралы сөз болып жатқанын айтты.

Ақмола облысы құрылыс бөлімінің басшысы 222 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Облыс прокуратурасы прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша сыртқы электрмен жабдықтау объектілерін салу кезінде қаражат жымқыру фактісін анықтады.

«Тапсырыс беруші ретінде Целиноград ауданының құрылыс Бөлімі атынан тұрғын үй массивтерінің қызмет көрсетуге арналған трансформаторлық қосалқы станцияларды орнатпай, 222,2 млн.теңге мөлшерінде негізсіз төлем жүргізумен осы жұмыстарды орындау туралы актілерге қол қойылғаны анықталды (2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыстар орындалған жоқ)», — деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Арнайы прокурорлар басқармасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемде жымқыру) бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл бап бойынша жаза 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Құрылыс бөлімінің басшысы қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Ақмола облысы, прокуратура, құрылыс бөлімі

Читать ещё

Кәсіпкер Air Astana-дағы жемқорлық схемалары туралы айтты
Венесуэла VS Беларусь: Наразылық шерулерінде ұқсастықтар бар ма?
Түркиядағы қазіргі билікті сынға алған отставкадағы адмиралдар ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Алматы облысында Құрбан айт кезінде малды жеке шаруашылықта сатуға тыйым салынды

    Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали...
  • Макрон мен Шольц Украинаға көмек көрсету мәселесін талқылады

    Парижде Германия канцлері Олаф Шольц пен Франци...
  • Кременчуг: Батыс сауда орталығында болған жарылыстарға қатысты пікір білдірді

    Батыс елдерінің өкілдері Кременчугта болған жар...
  • Украинада Ресей мен Беларусь кәсіпорындарына тиесілі мүлік тұтқындады

    Украина билігі Ресей мен Беларусь кәсіпорындары...
  • Алакөл: Төрт демалыс орны өртенді

    Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Алакөл көлінің жағал...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: