Тараз полиция басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол гаражда заңсыз қару-жарақ сақтаған.
Ер адам қаруларды жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлап, гараждың шұңқырына жасырғанын және кейіннен оны сатуға дайындағандығын мойындады.
Жамбыл облысы ДП баспасөз қызметі: «Күдіктіден барлығы 10 бірлік «Макаров» тапаншасы, төрт бірлік «Калашников» автоматы мен екі шулы граната тәркіленді».
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктінің қалада орын алған тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатыстылығын анықтау жұмыстары жүргізілуде, — деп хабарлайды Жамбыл облысының баспасөз қызметі.
Ведомствода атап өткендей, тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.