Талғар ауданының экс-әкімі пара алғаны үшін айыппұл төлейді

Талғар ауданының бұрынғы әкіміне қатысты үкім шығарылды. Ол пара алғаны үшін 59,4 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді.

IV сатыдағы қатерлі ісікпен ауыратынын жазаны жеңілдететін жағдай болды.

Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешев пен ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы Асқар Шамаевқа 2 млн теңге пара алғаны үшін ірі айыппұл салынды, деп хабарлады Талғар аудандық соты.

«Соттың мәліметінше, 2021 жылдың 21 және 23 қаңтарында Е. және Ш. мемлекеттік сатып алу процесіне бақылауды жүзеге асыруда қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы, бұрын жасалған шарттар бойынша, пара берушінің пайдасына заңсыз ic-әрекеттер жасағаны үшін, яғни орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін ЖШС директоры А.-дан жалпы сомасы 1 980 000 теңге пара алған», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Прокурор екі сотталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Алайда сот үкім шығару кезінде істеген ісіне өкінетінін, қылмыстың ашуға белсенді көмек көрсеткені үшін, сондай-ақ Серікжан Төрешевтің IV сатыдағы қатерлі ісікпен ауыратынын жазасын жеңілдететін жағдайлар деп тапты.

Бұрынғы әкім Серікжан Ерекешевке параның 30 еселеген сомасы көлеміндегі 59 400 000 теңге айыппұл салынды.

ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы Асқар Шамаевқа параның 15 еселеген сомасы көлеміндегі — 29 700 000 теңге айыппұл салынды.

Сотталғандардың екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте жмыс істеу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий