Бухгалтер 5 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген

Қазақстанда колледждердің бірінің бухгалтері таныстарын жалған еңбек шарты бойынша жұмысқа алып, жалақысын иеленіп отырған.

«Павлодар облысындағы ақпараттық технологиялар колледжінің бухгалтері бес жыл бойы бюджет қаражатын жымқырыпкелдген», — деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы

Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қозғалған іс материалдарынан: «Колледждің бас бухгалтері Безпалая өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз иелену бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырған. Ол колледжге жалған жұмысқа орналасу үшін таныстары мен туыстарын тартып, содан кейін олардың атына заңсыз жалақы аударып, сол қаражатты иеленіп отырған».

Бухгалтер жеті жылға бас бостандығынан айырылу жазасына тартылды, сонымен қатар ол бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айырылды.

Добавить комментарий