Тәжікстан «жасыл энергияны» дамытуға мүдделі екенін хабарлады

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Германия Экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігінің парламенттік мемлекеттік хатшысы Нильс Анненмен кездесу барысында елдің «жасыл энергетиканы» дамытуға ниетті екенін хабарлады.

Атап айтқанда, «жасыл» энергияны дамыту көзі ретінде гидроэнергетика тақырыбы қозғалды.

Орталық Азия мен Германия мемлекеттері басшыларының кездесуін өткізу мәселесі де назардан тыс қалмады.

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин Тәжікстан Үкіметі ресейліктерге көмектесіп жатыр деп мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, ол Батыстың санкцияларына қарамастан республикамен байланыстың дамуына назар аударды.

Сонымен қатар, ол Ресей жыл сайын тәжік студенттері үшін стипендия квотасын ұлғайтып отырғанын атап өтті.

Добавить комментарий