Politico газды рубльмен төлеуден бас тартқан елдерді атады

Politico басылымының хабарлауынша, Батыстың Украинаны қолдау үшін енгізген Ресейге қарсы санкцияларын сақтап, бірқатар елдер газды «Газпромбанкте» есепшот ашып, рубльмен төлеуден бас тартқан.

Politico басылымының хабарлауынша, Батыстың Украинаны қолдау үшін енгізген Ресейге қарсы санкцияларын сақтап, бірқатар елдер газды «Газпромбанкте» есепшот ашу арқылы рубльмен төлеуден бас тартты.

Ресейлік газды рубльмен төлеуден бас тартқан елдер:

Польша (PGNiG). 12 сәуірде компания рубльмен төлеу әдісінен бас тартты. Газбен жабдықтау 27 сәуірде тоқтатылды.

Болгария (Bulgargaz). Ресей газын жеткізу 27 сәуірде тоқтатылды.

Финляндия (Gasum). Финляндия үкіметі 28 сәуірде төлемнің жаңа тәсілінен бас тартты. Газ жеткізілімі 21 мамырда тоқтатылды.Бұған дейін Bloomberg тағы 10 еуропалық сатып алушы рубльдік есепшот ашқанын мәлімдеген болатын. Басылым «Газпромбанкте» арнайы шоттары бар 20 еуропалық сатып алушы барын айтты.

Сондай-ақ, Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен РФ ұсынған ресейлік газды рубльмен төлеу схемасы батыс компаниялары үшін қауіпті екенін айтып, оларға қарсы салынған санкцияларды айналып өту ретінде қарастырылатынын мәлімдеді.

Добавить комментарий