Тұрмыстық зорлық-зомбылық арыз түспесе де, іс қозғалады

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты тергеудің жаңа ережелері енгізілді. Атап айтқанда, бұдан былай осы бап бойынша арыз түспесе де іс қозғалады.

1 шілдеден бастап полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының жазбаша арызын күтпей, өз бетінше әкімшілік істер қозғай бастайды, деп хабарлайды ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Руслан Қаржаспеков.

«1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырады. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды», — деді Руслан Қаржаспеков ІІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы материалдардың жартысы тараптардың татуласуына байланысты сотта тоқтатылады.

«Бұл агрессордың немесе туыстарының көндіру немесе қысым көрсетуі нәтижесінде болады. Мысалы, жыл басынан бері осы негіздер бойынша 5 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тоқтатылды. Енді 1 шілдеден бастап татуласуға мүмкіндік тек бір рет, сотта болады», — деп толықтырды Қаржаспеков.

Добавить комментарий