Тоқаев Ауғанстанға көмек көрсету үшін ҚР-да хаб ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматы қаласында ШЫҰ хабын ұйымдастыруды ұсынды. «Біз Ауғанстан тап болған өзекті гуманитарлық және экономикалық проблемаларын шешу үшін қолдан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз.

Қазақстанның инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық хабын ұйымдасыруды ұсынамыз», — деді Тоқаев.

Добавить комментарий