Түрксіб ауданы көшелерінің 90%-ы жарықпен қамтылады

Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаев Түрксіб ауданының көшелерді жарықпен толық қамтылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол аудан тұрғындарымен кездесуде айтты.

Ол сондай-ақ электр желілерін реконструкциялау жұмыстары туралы айтып берді.

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімінің м.а. Ерболат Досаев электр желілерін реконструкциялау жұмыстары туралы айтты.

«Маусым айында өткен кездесу барысында Жахангер көшесіндегі 22 үйді электрмен жабдықтау мәселесі айтылды. Жаңа электр желісін салу жұмыстары аяқталды. Тұрғындар қалалық желіге қосылған және үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етілген», — деді қала әкімінің м.а. Ерболат Досаев.

«Шуақты» ықшам ауданында жыл соңына дейін 5,5 шақырым ескі электр желісі модернизацияланып, оның 95%-ы реконструкциядан өтті.

2023 жылдың басында «Әлмерек» және «Қайрат» ықшам аудандарында электр желілері реконструкциядан өтеді.

«Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысы жүріп жатыр. Ол «Қайрат» және «Нұршашқан» шағын ауданындағы 2 400 абонентті электрмен қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс 2023 жылдың маусым айында аяқталады.

Жыл соңына дейін Бекмаханов пен Бұқтырма көшесіндегі 17 шақырым көше жарығы жаңғыртылады. Ауданның жарық жүргізілмеген көшелеріне 100 шам орнатылады. Соның нәтижесінде жыл соңына қарай Түрксіб ауданы көшелерінің 90%-ы жарықпен қамтылады.

Добавить комментарий