ЕО Ресейге қарсы қысымды күшейтеді

Германия канцлері Еуроодақ Ресейге қарсы қысымды күшейтетінін мәлімдеді.

Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларының бесінші топтамасы талқылаудың соңғы сатысында тұр, деп атап өтті Олаф Шольц.

Брюссель Мәскеуге қарсы қысымды күшейтеді, Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияның бесінші топтамасы талқылаудың соңғы сатысында тұр. Бұл туралы сәрсенбі күні Бундестагта Германия канцлері Олаф Шольц мәлімдеді.

ЕО көмір мен мұнайға қарсы, бірақ газға қарсы емес.

«ЕО Ресейге қарсы қысымды күшейтеді, — деді ол. — Санкциялардың бесінші топтамасы бойынша ақтық талқылау жүргізіліп жатыр».

Сейсенбі күні Еурокомиссия басшысының орынбасары Валдис Домбровскис ЕО Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында хабарлағандай, шектеу шараларының бесінші топтамасы көмірге қатысты шектеулерді, сонымен қатар сауда, көлік және энергетика салаларына қарсы бағытталады.

Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанда Донбасс республикасы басшыларының өтінішіне жауап ретінде Украинада арнайы операция жүргізілетінін жариялады. Ол Мәскеудің жоспарына Украина аумағын оккупациялау кірмейтінін, оның мақсаты елді демилитаризациялау және мен денацификациялау екенін атап өтті. Батыс Ресейдің шешіміне жауап ретінде ауқымды санкциялар салды.

Добавить комментарий