Түркістанда жүргізілген жедел іс-шаралар барысында ата-анасы жоғалтып алған бес жасар қыз табылды.
Отырар АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзінің 5 жасар немересінің із-түссіз жоғалып кеткені айтып жүгінген. Әжесінің айтуынша, сәби күндіз үйдің жанында ойнап жүрген, біраз уақыттан кейін әйел оның ауладан шығып бара жатқанын байқаған. Олар баланы өз бетінше табуға тырысқан, бірақ сәтсіз іздеу сәтсіз аяқталғаннан кейін полиция бөлімінен көмек сұрады.
Бұл фактіні полицейлер АПБ-ге тіркеп, бірден жоғалған кішкентай қызды іздеуге кірісті. 5 жасар баланы іздеуге барлық жеке құрамды бағыттап, барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді, соның ішінде куәгерлерден жауап алып, жақын маңдағы саябақтар мен көшелерді аралап көрді. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде Отырар АПБ-нің полицейлері бір сағаттың ішінде үйден бір шақырым қашықтықта саябақта жоғалған баланы тапты.
Табылған 5 жасар қызды тәртіп сақшылары әжесі мен туыстарына тапсырды. Өз кезегінде жергілікті тұрғын кәсіби біліктілігін көрсетіп, кішкентай немересін тез арада тауып берген Отырар АПБ-нің қызметкерлеріне зор алғысын білдірді.