Түркістан облысының тумалары қарақшылық шабуыл жасады: күдіктілер құрықталды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізілген арнайы операция нәтижесінде шетелдік азаматқа және лото-клубқа қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті екі адамды ұстады.

Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін олар травматикалық тапанша пайдаланған.

Бұрын біреудің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған Түркістан облысының 27 жастағы екі тұрғыны кезекті қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Сот алды тергеу амалдары барысында белгілі болғандай, күдіктілер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Үндістан азаматын тонап, лото клубқа қарақшылық шабуыл жасаған. Екі жағдайда да олар травматикалық тапанша пайдаланған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шетел азаматының ұялы телефонымен біраз сомадағы ақшасын тартып алса, лото клуб кассасынан екі млн теңге көлемінде қаржыны қолды еткен. Қарақшылық шабуыл кезінде аталған мекеменің күзетшісі жараланған. Бақытымызға орай, тірі қалды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Добавить комментарий