Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Астанада Жібек жолы ауылының тұрғыны имамды 13 жерден пышақтады.
Алдын ала ақпарат бойынша, аталған имам ерлі-зайыптының некесін қиған, содан екеуі кейін жанжалдасып қалған. Имамға шабуыл жасалған кезде келіншек өзіне қол жұмсамақ болып, сірке сусынын ішкен.
Зардап шеккендердің екеуі де ауыр халде ауруханаға жатқызылды.
Қылмыс орнында ұсталған ер адам Астана қаласы ПД Алматы ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, істің мән-жайы анықталып жатыр.
Аталған факті бойынша Астана қаласы ПД «Сарыарқа» ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады және барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бұған дейін Астанадағы мешіттердің бірінің қызметкері пышақ жарақатын алғаны хабарланған болатын, кейін ол имам екені белгілі болды. Орын алған жағдайды құқық қорғау органдары қолға алып, жан-жақты тергеу жүргізуі керек.