Түркиядағы қазіргі билікті сынға алған отставкадағы адмиралдар ұсталды

Анкара бас прокуратурасы отставкадағы 10 адмиралды қамауға алу үшін ордер берілгенін хабарлады, ал тағы төртеуі полиция учаскелеріне өз бетінше келуі керек. Ведомство бұрынғы әскерилер түрік үкіметін сынға алғанына байланысты мұндай қадамға барып.

Қазіргі уақытта тұтқындалған 10 адамның үйінде тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айыпталушылардың кінәсін дәлелдейтін айғақтар тәркіленуде.

Жексенбі күні бұрынғы 104 әскерилердің атынан жазылған хат бұрынғы адмиралдарға қарсы қылмыстық іс қозғауға негіз болды. Онда адмиралдар Түркияның Монтре конвенциясынан шығу мүмкіндігі туралы пікірталасқа байланысты алаңдаушылық білдірген.

1936 жылы қол қойылған Монтре конвенциясы Босфор және Дарданелла бұғаздарын басқа елдердің жүк кемелерінің пайдалануын реттейді. Ол Түркияға шекара шегіндегі бұғаздарға бақылау жасауға, ал бейбіт уақытта азаматтық кемелерге қол жетімді болуға кепілдік береді. Бұл сондай-ақ әскери-теңіз кемелерінің қолжетімділігін шектейді. Түркия Ыстамбұлдан солтүстікке қарай Қара теңізді оңтүстікте Мәрмәр теңізімен байланыстыратын үлкен арна салуды жоспарлап отыр.

Прокуратура адмиралдардың мәлімдемесін Түркияның қылмыстық кодексін бұзады деп есептеп, оларды конституциялық тәртіп пен мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу мақсатында сөз байласты деп айыптады.

Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын мәлімдемеде үкіметті құлату мақсатында әскери астыртын әрекет белгілері бар екенін мәлімдеді.

Добавить комментарий