Павлодарда әскерде борышын өтеуден жалтарғандар іздестірілуде

Павлодарлық полицейлер әскерде борышын өтеуден жалтарғандарды іздестіру бойынша рейд жұмыстарын жүргізуде.

Полицейлер көңіл көтеру орындарын, жұмыс орындары мен басқа да нысандарды тексеріп жатыр.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 желтоқсанда рейд барысында әскерге шақыртудан қашып жүрген 13 адам ұсталды.

  • Әскерге шақыртылған 13 жасөспірім Павлодард қорғаныс істері жөніндегі басқармаға жеткізілді. Әскерге шақыртылғандарды іздестіру бойынша рейд жұмыстары жалғасуда, — деп баяндады Павлодар полиция басқармасының бастығы Данияр Бек.

Добавить комментарий